11.12.2015, 10:23
Оқылды: 23

«Ауылдық жерлерде қоныстанған оралмандарды қолдау және шет елдердегі қандастардың келулеріне ықпал ету» тақырыбында кездесу өтті

Otandastar jayin oilasti    Дариян ауылдық округінде БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен «Ауылдық жерлерде қоныстанған оралмандарды қолдау және шет елдердегі қандастардың келулеріне ықпал ету» тақырыбында  кездесу өтті.


 

   Жиында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің бас маманы Ерболат Сағынов, «Қазақстан аграрийлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Меңболат Сахметов, Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Тимур Әбубәкіров және шет елдерден қоныс аударған қандастарымыз  бас қосты.

    Оралмандардың хал-ахуалдарымен танысып, олардың  жұмыспен қамтылуы, басқа  да  әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жүйелі жоспарларды жүзеге асыруды ту еткен жиынды Меңболат Нұрболатұлы ашып, күн  тәртібіне қойылған мәселелерге тоқталды.

   Жұмыссыздықты азайтып, Отанына оралған азаматтарды жұмыспен қамтудың мүмкіндіктерін кеңейту, болашақта жырақта жүрген басқа да қандастарымыздың елімізге қоныстану жайын алға қою керектігін тілге тиек етті.

    Басқосу соңында қандастарымыз көкейлерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан Аязбаева

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале