15.06.2016, 14:21
Оқылды: 25

Ауылдық округтегі дөңгелек үстел

karatobe dongelek ustel  Қаракөл ауылдық округінің тұрғындарымен жүздескен аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова сот саласындағы жаңашылдықтар және медиация заңына халыққа насихаттау, қолдау барысын түсіндіру бағытында дөңгелек үстел өткізді.

  Дөңгелек үстелдің мақсаты – бітімге келу іс-шараларын, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот процесін оңтайландыру және жеделдету, сот актілерін қайта қарауды тәжірибе түрінде талқылау.


  Жиын барысында аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова АПК азаматтық істерді қараудың тиімділігін, жеделділігін және бейтараптығын арттыруға бағытталғандығын, 2011 жылы ҚР «Медиация» туралы Заң қабылданғандығы,  медиация екі тараптың бітімгершілікке келуі туралы, сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға және әлемдегі 30 дамыған  елдің қатарына кіруіне ықпал ететіндігі туралы айтты.

  Сот төраймы АПК-ға енгізілген негізгі өзгерістерге назар аудара келе, жаңа АПК сот тәжірибесін және сот төрелігін жүзеге асыру мерзімдерін оңтайландыруға көмектесетіндігін, азаматтық процестік  кодексінде алғаш рет елімізде  тәжірибеде адвокаттарға бітімгершілік рәсім жасау құқығы берілгендігіне де тоқталды.

  Жиын барысында аудандық соттың бас маманы Серікжан Жаролла  «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі және «Үкімет порталы» арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау бойынша кеңінен тоқталып түсіндірді.

   Жиынға ауылдық округ әкімі Самат Әбденов, ауыл тұрғындары қатысты. Сот төрайымы ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале