8.04.2016, 15:19
Оқылды: 21

Ауылды ет өнімімен толық қамтып отыр

Kaztalov yzin sari     Қазталовта кәсіпкер Мәншүк Балдақова ауылды ет өнімімен толық қамтып отыр. Мәншүк апаның дүкенінде жылқы етінен бастап, барлық мал өнімдерінің еттерінің барлық түрі тұр. Бағасы да жұрт қалтасын қақпайтындай. Сонымен қатар бұл дүкенде сүт өнімдерінен жасалған тағам түрлері де жеткілікті.


     - Өнімдеріміз үлкен сұранысқа ие. Өзің көріп отырғандай кезек көп,- дейді. Мәншүк апаның дүкеніндей экологиялық таза жергілікті тамақ өнімдері көп болса, жұртшылық жасанды сүт өнімдері мен мұздатқыштарда қатып сапасын жоғалтқан тегі белгісіз өнімдерге қызықпас еді дейміз.

www.zhaikpress.kz

Әсем Халиуллина

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале