27.10.2015, 9:32
Оқылды: 19

Ауылымыз  таза болсын десек...

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Қоршаған ортаны таза ұстау денсаулықты, еңбек етуге жұмылу мен   тазалық сақтауды әрі тәртіпті аңғартса керек.

Күйгенкөл ауылдық округінде ауыл тұрғындарының қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.

Мекемелердің қызметкерлері өздеріне бөлінген учаскелерде тазалау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде бөгеттің айналасы, жолдың қапталдары, жүргіншілер жүретін жерлер тікен шөптерден тазартылып, өртелді.

Ауыл әкімшілігі жанынан бөлінген көлік барлық жиналған қоқыс қалдықтарын жинап әкетті.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале