7.04.2016, 19:17
Оқылды: 20

Ауылымыз әдемі, көшеміз көркем болсын десек...

Shingirlau auilimiz ademi     6 сәуір күні Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің тұрғындармен кездесу жиыны өтіп, аталмыш жиын көктемгі маусымның тууына байланысты жазғы төрт түлік жайылымы, бағылу тәртібі, мал бақташыларын тағайындап, мал бағымының төлемі тұрғысындағы мәселелерге арналды.


     Сондай-ақ, округ тұрғындарын шаруашылық суымен қамту, ауыл іші тазалығы, сенбіліктер мен тал-теректер егу, абаттандыру шаралары туралы алдағы күннің міндеттері ортаға салынды. Жиынға аудан әкімі А.Халелов, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары, жергілікті ішкі істер бөлімінің өкілдері мен шекара қызметі, мекеме басшылары қатысты.

     Жиында ауыл маңындағы орман-тоғайлар, екпе тал-шіліктерді шекара аймағындағы жерлердегі барлық жүріп-тұру әрекеттері, сондай-ақ, тұрғындардың шекара сымын үзуі, бағандарын сындыруы сынды жағдайда әскери мүлікті бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы сөз болды. Бұдан басқа, жеке сектордағы мал басына жүргізілетін ветеринариялық шаралар, малды аулада тұрғанда тексертіп алып, таза болса ғана далалық жайылымға жіберу қажеттігі ескертіліп, ауыл ішінің тазалығы, сенбіліктер мен тал-шілік отырғызу жұмыстары жоспарланды.

www.zhaikpress.kz

   Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале