18.11.2015, 9:11
Оқылды: 23

Ауыл айнадай тазарды

Janibek aulalar tazardi  «Нұр Отан» партиясы «Біздің ауыл» партиялық жобасы шеңберінде Жәнібек ауданындағы Тау ауылдық округінің әкімі Айдынғали Есенғалиевтың ұйымдастыруымен  ауыл іші мен тұрғындардың мекенжайлары маңындағы мал көңін шығару жұмыстары жүргізілді. Аталмыш ауылдың әкімдігі осы ауылдағы «Дидар» шаруа қожалығының жетекшісі Талғар Өтешевтің  қарамағындағы техникаларын пайдаланып, тұрғындар үйлерінің төңірегіндегі көңнің бір тасымал  құнын екі мың теңге мөлшерінде белгілеп, малдың қордаланып қалған қиын ауылдан аулақ жерге шығарды.  Өткен аптада басталған бұл игілікті жұмыс бүгін аяқталып, нәтижесінде ауыл іші айнадай тазарып қалды.

www.zhaikpress.kz

                                                                                         Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале