11.08.2016, 11:18
Оқылды: 24

АУЫЛ АХУАЛЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

         10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов және партия жанында құрылғын бақылау комиссия мүшелері Тереңкөл ауылдық округінде болып, округ орталығындағы құрылыс нысандары жұмысымен танысып қайтты. «Нұр Отан» партиясы жанында құрылған бақылау комиссиясының негізгі міндеті – бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалау. суҚұрылысОсы бағытта комиссия мүшелері Нұрсай ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатырған мектепті және «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауылға тартылып жатырған таза су жүйесінің құрылысымен танысты.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов және аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Баймамбет Сағадденов жер мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады.

Қайрат Жақып

Қазталов ауданды

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале