2.03.2016, 12:49
Оқылды: 32

Ауыл жастарының құлшынысы жоғары

NurjanОКҚ БҚО филиалында өткен баспасөз мәслихатында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша аймақтық филиалының субсидиялау және кепілдендіру бойынша бас менеджері Калишанов Нұржан Бауыржанұлы жауап берді.


-  Жас кәсіпкерлердің жас ерекшеліктеріне қарайсыздар ма? Кәсіпкерлердің көпшілігі құжаттарды рәсімдеу кезінде уақыт тапшылығына қарай қиындықтарға тап болып жатады. Осыған қандай жағдайлар жасалған?

-  Бағдарлама аясында жас кәсіпкерлер категориясына жататын кәсіпкерлердің жас шамалары - 29-ға дейінгі жастар. Бізде қазіргі таңда жас кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс жасайды. Орталықтан екінші деңгейлі банктердің жұмысы туралы, өз ісін ашу үшін қандай құжаттар керегі жөнінде толық мәлімет алуға болады. Орталықтың кеңесшілері келген кәсіпкерлердің құжаттарын рәсімдеуге көмектерін береді. Сол жерде халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтері де орналасқан. Олар өз тараптарынан керек құжаттарды шығарып беруге көмектеседі. Шағымданып келген келген кәсіпкерлердің арыз-шағымдары қарастырып, түбегейлі шешілуіне өз көмегімізді тигіземіз.

- Бүгінгі таңда жастар қандай кәсіп түрлерімен айналысқанды жөн көреді?

- Қазіргі таңда ауыл жастарының өз ісін ашуға құлшынысы жоғары. Ауылдық жерде кәсіпкерлік айналысам деген жастарға ешқандай салалық шектеу қойылмаған. Қандай бизнес саласын ашамын десе де, өз еркінде. Соңғы кезде жастар көбінесе өндіріс саласы, көлік және қойма саласы бойынша жеке ісін ашуға ниетті.

www.zhaikpress.kz

Гүлгүл Тұрақбаева

Динара Сламбекова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале