30.05.2016, 14:16
Оқылды: 32

Ауыл зираты қоршалды

 

zirat korwauҚызылоба ауылдық округінің әкімі Н.Бердіғалиевтің ұйытқы болуымен ауыл тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып сауапты іс атқарды. Қашанда Алланың разылығы үшін «жұмыла жүк көтеруден» қашпайтын қызылобалықтар жақында ауыл маңындағы зиратты қоршап бітіріп, құдайы садақа берді.


 

Алдымен ауыл молдасы Марат Темірғазиев ата-баба рухына құран бағыштап, ел тыныштығы мен бас амандығын тілеп, Алладан береке-бірлік сұрап дұға етті.

Жиынға арнайы келіп қатысқан аудан әкімі Лавр Хайретдинов сауапты істе ұйымшылдық танытқан ауыл тұрғындарына ризашылық білдіріп, «садақаларыңыз қабыл болсын» деген тілегін жеткізді.

Сондай-ақ ауыл ақсақалдары Көшкінбай Қаполов пен Тұрар Әбдінғалиев сөз алып, жиылған жамағатқа ізгі тілектерін жолдады.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале