17.06.2016, 12:33
Оқылды: 16

«АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ»

 auyl kasipkerligin damytu 16 маусым күні Қазталов ауданы әкімі орынбасары Нұретден Құтхожиннің төрағалық етуімен «Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» туралы семинар-отырыс өтті.


  Семинарға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, облыстық Кәсіпкерлік басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Орал» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері, ауылдық округ әкімдері, салалық мекеме-ұйым басшылары және кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілері қатысты.

  Семинарда сөз алған БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Ниетқалиев облыстағы кәсіпкерлік саласының дамуы туралы айта келіп, қазіргі уақытта ауылдарға инвестиция тарту мәселесі, оған ауылдық округ әкімдерінің белсене қатысуы қажеттігін де жеткізді.

  Сонымен қатар БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының сауда және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бақдәулет Ибраимов, БҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Мақсат Құланбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының бас кредиттік менеджері Талап Бисембаев, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының бас менеджері Ринат Құсманов, "Орал" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ департамент директоры Артур Досқалиев «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының жетекші маманы Қуаныш Ешімов, «Саят» ЖШС этнотуристік орталығының директоры Айболат Құрымбаев өз салалары бойынша ақпарат берді.

  Кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдаған тиісті бөлім мамандары оларды шешудің жолын қарастырып, қажетті көмектер көрсетеміз деген пікірлерін жеткізді.

   Семинарға  қатысушылар басқа да көптеген сұрақтарға жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz
Мөлдір ӘНУАРБЕК
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале