18.04.2016, 17:04
Оқылды: 21

Ауыл тынысы жақсара түспек

Shingirlau auil tinisi jaksara tyspek     Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округінің әкімі Тілеген Оразов тұрғындарды және аудандық жұмыс тобын көктемгі жұмыстардың орындалуымен таныстырды. Ауылдың басты мәселелері қатарында ауыл маңындағы бөгетті қалыпты жағдайда ұстау, тазалық жұмыстары бар және бұл тұрғыдағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, тазалық сақтау үшін бөлінген 486 мың теңге алдағы айларда жоспарлы түрде жұмсалмақ.


     Көгалдандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылып,  100 түп тал-терек көшеттері егілген. Округте шешілуі қажетті мәселе-ауылдық  тұтыну кооперативін құру. Бұл жұмыс алдағы күндерде тағы да талқыланатын болады. Округ басшысы баяндамасынан кейін тұрғындар қойған сұрақтарға жауаптар берілді. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов ауылдық тұтыну кооперативі туралы, шаруа қожалықтары жұмыстарын ұйымдастыру, үкіметтен берілетін жеңілдіктер мен субсидиялар жөнінде келелі кеңестер айтып, ой бөлісті.

      Полтавалықтарды толғандырып отырған мәслелер- мал дәрігері мен медицина қызметкері жөнінде айтылған ұсыныстар қаперге алынды.

www.zhaikpress.kz

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале