6.06.2016, 16:03
Оқылды: 41

Ауыл шаруашылық техникалары техникалық байқаудан өтуде

zhanakala tehosmotr2    Жаңақала ауылының жеке немесе заңды тұлғалардың иелігіндегі  ауыл шаруашылық техникаларына   жыл сайынға мемлекеттік техникалық байқау жүргізілуде.  Ауыл шаруашылық техникаларына мемлекеттік техникалық байқау  жүргізудің мақсаты – машиналардың жай-күйін бақалау, олардың санын, кімнің меншігінде екендігін және басқа да тіркеу көрсеткішін анықтау, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйіне тейгізер әсері мен техникалық  пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзуды болдырмау, оларды ескерту шараларын іске асыру.


  Сондай-ақ бұл байқауға Жаңақала ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бейбіт Қалимулдинқатысып, шабындық науқаны басталуына орай ауыл шаруашылық техникаларының салдарынан болатын дала өрті туралы ескерту жасап, жүргізушілерге «Орманды және даланы өрттен қорғаңдар» атты бүктемелер таратты.

www.zhaikpress.kz

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ

Н.ҒАББАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале