28.04.2016, 17:56
Оқылды: 14

Ауырмайтын жол іздейік

????????????????????????????????????

     БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс мамандары Теректі аудандық ауруханда жұмыс сапарымен болды.

    Жұмыс сапарының басты мақсаты – облыстағы білікті дәрігерлер емделушілерді қабылдап, ауыр сырқаттардың алдын-алу. Расымен, ауданымыздың кей тұрғындарының қалаға барып емделетін мүмкіндіктері бола бермейді. Осындай жұмыстардың аудан орталығы түгіл, әр ауылға да өте-мөте қажет екендігі ақиқат.


     Бұл күні аурухана іші лық толды деуге болады. Облыстан келген мамандардың ішінде денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс хирургі С.Мұқанов, штаттан тыс травматолог С.Қарекенов, штаттан тыс уролог А.Ахметқалиев, штаттан тыс офтальмолог Т.Ищанов, кардиолог А.Мавлюдова, онколог-уролог Г.Жайтлеуов секілді мықты дәрігерлер бар. БҚО денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Г.Кулмуханованың айтуынша, мұндай жұмыстар Қаратөбе және Сырым аудандарында басталып, әрі қарай Бөрлі ауданымен жалғасады екен. Осылайша, аудандардың бәрін дерлік қамтуды жоспарға алған мамандардың бастамасы тек мақтауға лайық.

     Бір өкініштісі, облыстан дәрігерлер келеді дегенді халықтың көбі естімей қалуы. Хабарландыру жағының кемшін тартуының кесірінен алыс-жақын ауылдардағы сырқатына ем іздеген тұрғындар қалыс қап қояды. Игілікті істі бастар сәтте осындай жағдайларды назарда ұстаған дұрыс секілді.

    Дәл осы күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары аудандағы және ауылдардағы дәрігерлер мен медбикелердің басын қосып семинар өткізді. Науқасты қабылдау,ем-домды дұрыс белгілеу, ауыр жағдаймен түскен адамдарды ауылдан ауданға қалай жеткізу керек деген сияқты жұмыстар қызу талқыға түскен семинардан аудан дәрігерлері көп нәрсе түйген көрінеді. Ол жөнінде аудандық орталық аурухана директоры М.Өтешов жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале