9.11.2015, 12:09
Оқылды: 17

Ауырған балалармен қарым-қатынаста болған 21 адам ауруханаға жатқызылды

Skori    Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 21 қызметкері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың бәрі де дизентериямен ауырған балалармен қарым-қатынаста болған асхана қызметкерлері.

Айта кетейік, аталмыш ауруханаға мектептен 129 бала түссе, кеше тағы 30-ы үйлеріне шығарылды. Қазіргі кезде ауруханада 23-і ғана қалды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале