15.02.2016, 17:36
Оқылды: 17

Ауған жерінен шығарылуына 27 жыл толуына орай Шыңғырлауда шара ұйымдастырылды

Shingirlau augannin ot joli   Биыл ақпанның 15 күні Кеңестік әскери контингенттің Ауған жерінен шығарылғанына, осынау себепсіз соғыстың тынғанына 27 жыл толады. Бұл да ащы тарих, ерлік мектебі, ағалар ерлігінің жылнамасы.


15 ақпан күні Шыңғырлау ауданының ауған соғысының жауынгерлеріне арналған саябақта митинг өткізілді. Кеңестік әскери контингенттің Ауған жерінен шығарылуына 27 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға аудандағы осы соғыстың қатысушылары-Ауған соғысы ардагерлері шақырылып, олардың әскери жолы, ерлік даңқы тұрғысында аудандық мәслихат хатшысы Т.Қалмен, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы О.Қарашолақов ұранды сөздер арнады. Іс-шараға аудан мектептері мен Шыңғырлау колледжінің жасөспірім оқушылары шақырылып, жастығы жалынға оранғандардың ерлік үрдісі үлгі етілді. Ауған соғысында мерт болған жауынгерлер ескерткіші жанын гүлдестелер қойылып, ерліктің ел жадынан өшпейтіні, парызға адалдық, табандылық пен қиын сәттердегі батыл шешім, ел тағдырын шешетін қадамдар ерлік, Отанды сүюдегі адалдық деген қасиеттерден туындайтыны аталып өтті.

Митинг соңы Шыңғырлау колледжінің мәжіліс залында мерекеге орай аудандық мәдениет бөлімінің көркемөнерпаздары мен колледж ұжымы ұйымдастырған әдеби-сазды, тағылымдық концерттік шарамен жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале