18.05.2016, 18:15
Оқылды: 22

Ашық диктант акциясы

????????????????????????????????????

   Сәрсенбі күні Тасқала аудандық кітапхана мен колледжде және Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептеҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісімнің» бастамасымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпы қазақстандық ашық диктант өткізілді.


   «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында өткен акцияға мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласының өкілдері және ниет білдіруші аудан тұрғындары қатысты.

    Ашық диктант өткізу шарасында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова бұл бастаманың қаншалықты маңызды екенін айтып өтті.

   Мемлекеттік тілді нығайту мен қатар этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ  қатысушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге бірден-бір мүмкіндік болып табылады.

    Айта кетейік, «Мәңгілік Ел» тақырыбында жазылған диктант мәтіндерін тіл мамандары оқыды.

www.zhaikpress.kz

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале