18.11.2015, 16:48
Оқылды: 20

Ашық келісім әзірленді

Sibailas 01   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Ашық келісім әзірлеген болатын. Таяуда осыған орай БАҚ өкілдерінің, кинематографтардың, мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен мәселе диалогтық бейнебайланыс арқылы талқыланды.

Жергілікті жердегі басқосуды агенттіктің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирболат Нұртазин жүргізіп отырды. Оның айтуынша, БАҚ-тың ашық келісімге қосылуының мақсаттары мен міндеттері төмендегідей: елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ережелерін кеңінен жариялау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық қызметтің тиімді тәсілдері мен әдістерін әзірлеу үшін күш біріктіру, қабылданған шаралар туралы азаматтарға ақпарат беру және т.б. Сонымен қатар елдегі мәдениет қайраткерлері, кинематографиялық ұжымдар өз салалары бойынша теле және радиохабарлар дайындау, кітап, баспа материалдарын шығару секілді шаруалармен шұғылданбақ.

Sibailas 02

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале