18.03.2016, 11:12
Оқылды: 39

Аяулы жандермен жүздесу

????????????????????????????????????

   Бүгінде әйелдер жұмыста, спортта, ғылымда да толағай табыстарға жетуде. Оған қоса шаңырақтың түтінін түтеткен өмірлік серік пен ана. Ал, елдің дамуы мен өркендеуін  әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Демек, әйел қоғамда маңызды тұлға.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері «Жүректен шыққан сырлы сөз» атты әдеби-сазды демалыс кешін ұйымдастырды.


Арайлы көтем келгенде жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен ауданымыздың өнерлі де еңбекқор нәзік жандары сырлы кештің қонағы болды. Көктемдей құлпырған аяулы жандармен жүздесуде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Ахметжанова көктем мерекелерімен құттықтап, кеш сәні апаларымызға жұмыстарына алдағы уақытта да табысты да, жемісті еңбек тіледі.
Одан әрі жүздесудің меймандары Г.Қасиетова, Ш.Талина, С.Сақпұсұнова, М.Нұржанова, Г.Жазықбаева, Ж.Ұлықпанова, А.Каримовалар өмір өткелдеріндегі қызығы мен шыжығы мол әңгімелерімен бөлісті.

-Қазақ әйелі тек нәзік емес, ер мінездіде. Орынды жерде сөйлеген. Біз дана қазақтың қызы болғанымызды мақтан тұтуымыз керек. Халқымыздың намысының биік болуы бізгеде байланысты. «Қазақ қызы» деген атауға кір келтірмей, ардан аттамауымыз қажет,- деген Мүгілсім Нұржанова сіңлілеріне апалық ақылын жеткізді.

  Ал, А.Жекеков «Гүл сыйлайық әйелге», Н.Тастайбек пен С.Меңдіғұлова «Ана туралы жыр» әндерін шырқап кештің көрігін кіргізді. Сонымен бірге, меймандар қонақкәдеге өз шығармашылығынан ән айтып, жауһар жырларын оқыды.

www.zhaikpress.kz

Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале