25.10.2016, 10:50
Оқылды: 27

Ағайын, Әлиханға қолдау білдірейік!

%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bd-%d3%99%d0%bb%d0%b8%d1%85%d0%b0%d0%bd%d2%93%d0%b0-%d2%9b%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83-%d0%b1%d1%96%d0%bb%d0%b4%d1%96%d1%80%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%ba   Баршаға аян, биыл тұңғыш рет елімізде Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы бастау алды. Шілде айының 27-28 жұлдызында қаламызда іріктеу кезеңі өтіп, 150-ге жуық таланттылардың ішінен жерлесіміз Әлихан Қабділманов үздік танылды. Енді 12-13 қараша күндері алып шаһар Алматы да өтетін финалдық бәсекеде бағын сынайтын болады. Айта кетейік, Әлихан тек ауданның ғана емес, облыс намысын қорғамақ.


2003 жылы Казталов ауданында дүние есігін ашқан ол кейін Зеленов ауданына қарасты Зеленый ауылына көшіп келіп, осы ауылдағы мектептің табалдырығын аттайды. Жас шыбықтың әкесі Мейірман мен анасы Бақытханым өнер ауылынан алыс емес. Бірі сырнайда, бірі домбыраның құлағында ойнайды. Екеуі де Зеленов ауданы Зеленый ауылында ұстаздық қызметте. Өнерден кенде емес ата–ана балаларын да әншілікке баулып өсірген. Олар «Алтын ұя», «Мерейлі отбасы» сияқты аудандық, облыстық байқауларға қатысып, көпшілік сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген отбасы. Әділбек Сүлейменов, Әлібек Дінішев, Қатимолла Бердіғалиев сынды өнер майталмандары дүниеге келген киелі топырақта өскен бала Әлихан алғаш рет 4 жасында ауылдық клубта «Менің елім» әнін шырқап сахнаға шыққан. Бүгінде бірнеше аудандық, облыстық, республикалық «Дельфийлік ойындар», Абай мен Қадыр оқулары,  «Жарқын болашақ байқауы», «Балдәурен» байқауларының жеңімпазы мен жүлдегері. Оқуда да алғыр ол Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп – лицейінде 8 сыныпта білім алуда.

«Жұлдыздар үйі». Қызу дайындық. Жас дауыстың алғашқы күнінде жерлесіміз ретро ән, ал екінші күнінде  тәлімгері Диана Шараповамен арнайы жазылған әнді айтып, дуэт орындамақ.

-«Жұлдыздар үйінде» күніміз қызықты өтуде. Әр күннің өз ерекшелігі бар. Жаңа достар таптым. Олардың барлығы да бірі-бірінен өткен талантты балалар. Финалдық сайысқа бізді кәсіби мамандар дайындауда. Кемшін тұстарымызды да айтып қателіктерімізді дұрыстауда. Музыкалық, вокалдық білімімізді жетілдірудеміз. Әрине алдымен өнер жолының алғашқы баспалдақтарын бағындыруда, біліктілігімді шыңдауда ұстазым Думан Ибатұлының еңбегі зор, - дейді Әлихан.

Ендеше, ағайын! КТК арнасынан 12-13- қараша күндері тікелей эфирде 17.30–да жас өркенімізге қолдау білдіріп,  смс хабарлама арқылы дауыс берейік!

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале