8.04.2016, 11:08
Оқылды: 15

Қару тапсырып, сыйақы алыңыз!

Suret          БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының мәжіліс залында баспасөз мәслихаты өтті.

         Баспасөз мәслихатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы,  тұрғындарда заңсыз сақталған атыс қарулары, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу мәселелері айтылды.


    ҚР ІІМ нұсқауларын орындау барысында республика аумағында сәуір айының 4-6-сы күндері кезекті «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, шара барысында облысымыздағы әкімшілік полиция қызметкерлерінің күш-құралдары және басқа да мемлекеттік органдардың (көлік бақылау инспекциясы, БҚО жолаушылар көлігін басқару және мемлекеттік кірістер департаментінің) қызметкерлерімен бірге БҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде маршруттарда қызмет ету куәлігінсіз жолаушыларды тасымалдаумен айналысып жүрген тұлғаларға қатысты 14 факті тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 597 әкімшілік материал толтырылып, соның ішінде 70 жүргізушінің техникалық тексерістен өтпеген көлік құралдарын басқарып жүргені анықталды. - деді БҚО ІІД ӘПБ бастығы Жанболат Жаншин.

    Көліктерінің техникалық ақаулығы үшін 12 көлік нөмірі тәркіленіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзғаны үшін тоғыз лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік материал толтырылған. Жыл басынан бері БҚО аумағында бес жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде бір адам қаза болып, сегізі әр түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Жол-көлік оқиғасының төртеуі қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алып, төрт жолаушы жарақат алған.

    2016 жылғы 15 сәуірден бастап тұрғындарға заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілетіндігі хабарланған. Ерікті түрде тапсырылған атыс қаруын, оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарды уақтылы тапсырғаны үшін сыйақыға  республика бюджетінен біздің өңірімізге 10 млн. 047 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар сыйақы белгілеу туралы мәселелерді комиссия шешетіндігі баспасөз мәслихатында атап өткізілді.

   Шара барысында БҚО ІІД ӘПБ АҚАБт аға инспекторы Рашид Фазылов және БҚО ІІД ОДТИ УАП инспекторы Тимур Майранов жоғарыда аталған мәселелер жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне толықтай мәлімет берді.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале