6.10.2016, 10:50
Оқылды: 23

Ақбас сиырлар саны артпақ

%d0%b0%d2%9b%d0%b1%d0%b0%d1%81-%d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%bf%d0%b0%d2%9b   ҚР Ауыл шаруашылығы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы залында асыл тұқымды малдарды міндетті түрде бонитирлеуден (бағалаудан) өткізу жөнінде дөңгелек үстел өтті.


Жиынға қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасының өкілі М.Балқыбаев, «Жайықплемсервис» дистрибьютерлік орталығының директоры Ә.Нәсіпов, ветеринария бөлімінің басшысы А.Шолаев, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бастығы Т.Мұқатов, ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Н.Бердіғалиев, мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторы С.Мерғалиева және шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

Шара барысында ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы Қ.Дүйсеналиев басқосудың мақсатын түсіндіріп, жұмыс өнімділігін арттыру жолдарын ортаға салды. Сонымен бірге былтырғы бонитирлеу көрсеткішіне көңілі толмағанын да жасырмады. Облыстан арнайы келген Мақсұт Кенжеұлы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» туралы заңға енген өзгерістермен толығырақ таныстырды. Сонымен қатар өз тәжірибесімен бөлісті.

-  Қазір бәріңізге белгілі асыл тұқымды малдарды бонитирлеу уақыты. Осы орайда барлық шаруа қожалықтарының мамандарына, соның ішінде бонитерлерге (сыныптаушылар) мұқият болыңыздар дер едім. Қарашаның алғашқы күнінде бәріңіз есеп бересіздер. Сол кезде асыра сілтемей, бағалаудан өткен әр малды тіркесеңіздер, жақсы болар еді. Сонда былтырғыдай олқылықтар орын алмас еді. Тағы бір көптен бері айтқым келіп жүрген мәселе – кәсіпкерлердің стандартқа сай келмейтін өгіздерді сатуы. Тіпті кейбіреулері бағалаудан өтпегендерін де саудалайды. Бұл дұрыс емес. Бүйте берсек, шығынға ұшырарымыз хақ. Сондықтан әркім өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап, тиянақты орындаса екен деймін, - деді облыстан келген асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторы Сапура Аманғалиқызы.

Жиынға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, өзге де мәселелерді шешу жолын қарастырды.

Аягөз АЙТҚАЛИ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале