19.06.2015, 12:27
Оқылды: 35

Ақжайықтағы балық баптағандар

Akjayik balik baptagandar  Жайықтың сол бетіндегі «Ақжайық» су қоймасы бейне бір теңіз іспетті. Аумағы көршілес Теректі ауданымен шектеседі екен. Ащы өзенімен өзектес қыр төсіндегі теңізге қарай бергің келеді. Керемет көрініс.

Ең кереметі сол, суы 21 миллион текшеметр болып табылатын осы су қоймасының сұлулығына, берекесіне көнеккеткендік Нұркен Мұқановтың «Әліп» шаруа қожалығы бас-көз болуда. «Ақжайыққа» жуырда ғана тұқының екі түрінің шабақтары (100 килограмм) жіберіліпті. Нұркенге бауырлары Сәкен мен Дидар көмекші екен. Олардың алға ұстаған жоспары ауқымды-ақ. Су маржанын молайту, яғни балықты баптап, аялау керек – міне, «Әліптің» мақсаты осы. Ел байлығының осы бір түрін өсіруді, сөйтіп, табиғатты түлетуді көздеген жігіттерді ауылдастары қошеметтеп, қолға қармақ ұстауы сүйетіндер әзірге суға тыныштық керегін ұғынып жүр. Шабақтар «есеюі» керек қой.

Сәкеннің айтуынша, балық қорын өсіруге барлық жағдай бар. Басқа балық шаруашылықтарымен байланыс ұсталуда. Мәселен, Оралдағы «Лазаренко» ұйымымен жіті қарым-қатыс, мамандармен ақыл-кеңес алмасу жолға қойылған. «Ақжайыққа» күзде де шабақтар жіберіледі.

Шаруа қожалықтарының малмен бірге балық шаруашылығына бет бұруынан елімізде мысал аз емес. Ауданымызда да сондай қадамның жасалуы сүйсінтеді. Бударин ауылдық округіндегі «Атамұра» шаруа қожалығы да өзіне беркітілген су қоймасынан (ауқымы 80 гектар) былтыр 3 тоннадан астам түрлі балықты саудаға шығарды. Оның жетекшісі Ғайнеден Баянов су игілігін молайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале