19.04.2016, 11:42
Оқылды: 16

Ақжайықта асыл түлік көбейе түседі

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданында ірі қараның тұқымдық түрлендіруіне қатысатын шаруа қожалықтарының қатары барған сайын қалыңдап келеді. Айталық, мысалы, Баратөбе ауылдық округінде осыған дейін мұндай 7 шаруашылық болса, енді мұның саны 9-ға жетіп отыр.


     Базартөбелік қожалықтар бойынша биыл асыл тұқымды ірі қараның 11 аталығын сатып алу межеленген болатын. Бұл 13-ке орындалды. Сөйтіп, аталықтардың иелену жөнінде Базартөбе ауылдық округі ауданда алдыңғы орынға шығып отыр. Осы түлікті олар Ақсуат ауылдық округіндегі «Ернұр-Ж», Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Сұлтан» шаруа қожалықтарынан сатып алды. Әрине, аталық сатып алу жөнінде бағыт одан әрі жалғасын табатын болады.

     Базартөбеде «Алмас», «Бибігүл», «Жәнібек», «Сабыр» шаруа қожалықтарының асыл тұқымды түлік санын көбейтуге деген бекем талпыныстары оларға барған сайын мол тәжірибе әкелуде. Аудандағы осындай маңдайалды шаруалардың бір-бірінен тәжірибе алуға деген ұмтылыстары бір-бірімен тұрақты байланыс ұстауға жеткізіп отыр.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале