17.06.2015, 13:10
Оқылды: 40

Ақжайықта аға ұрпақты ұлағаттап, ұрпақтары ас берді

Akjayik atjaris    Жыр Жұбанның кіндігі кесілген қастерлі жердің перзенттерінің бірі, ауыл-ел дамуына өзіндік үлес қосқан, Отанды дұшпаннан қорғаған, тың игеруге қатысқан Өтесін Жолманұлының 100 жасқа толу құрметіне Ақжайық ауданының Жұбан ауылында оның ұрпақтары ас берді.

Ө.Жолманұлы МТС құрылуына белсене атсалысып, Ұлы Отан соғысында жауға қарсы атойлап, одан кейінгі бейбіт майданда жұрты үшін аянбай тер төккен, бес ұл мен үш қыздың – үлкен отбасының отағасы болып табылған жан. Аталған үлкен басқосуда оның еңбегі, дәстүр, құндылықтарымыздан білімгерлігі кеңінен әңгімеленді, аға ұрпақтың өнегелі өмірлері қошеметтелді.

Осындай әсерлі күн далалық ойындарға жалғасты. Еркін күрестен жастар мен үлкендер, аға-іні болып белдесті. Арқан тартыс та қызықты өтті. Өлеңті даласын тұлпарлар тұяғы дүбірлетті. Сырым, Теректі аудандарынан және өз ауданымыздан 19 сәйгүлік қатысқан бәйгеде 100 мың теңгелік І орынды сырымдық, Жосалы ауылынан келген Алтай Ақшолақовтың байталы иесіне сыйласа, екінші орын да сол ауданның өкілі Серік Мүтиевке, үшінші жүлде Аманғос Мұқановқа бұйырды. Өтесін ағаның ұлы Тұрсын, барлық ұрпағы игі шараның басында болды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале