8.02.2016, 18:25
Оқылды: 22

Ақжайықта балыққа қауіп төнбеу үшін ойықтар ойылды

Akjayik balikka kauip tonbeu yshin   БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, сондай-ақ Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің, БҚО ТЖД Ақжайық ауданаралық жедел құтқару жасағы бөлімінің қызметкерлері Ақжайық ауданының аумағындағы Медвежье, Черный ярок, Глубинный көлдеріндегі балықтардың тұншығу қаупінің алдын – алу мақсатында 440 ойық, 21 ауқымды ойық жасады.


Сонымен қатар Бударин орманшылығындағы Питомник, Старица, Коловертное көлдерінде 95 ойық, 9 ауқымды ойық, Каленый орман қоры аумағында орналасқан Каленовский көлінде 50 ойық, 4 ауқымды ойық ойды.

Осындай жұмыс жалғастын болады.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале