30.06.2015, 19:31
Оқылды: 37

Ақжайықта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шара өтті

Akjayik mymkindigi shekteuli jandar    Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Астана күніне арналып мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кітапханалық шара ұйымдастырылды. Оған жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова құттықтады.

Алдымен меймандар оқырмандарға қызмет көрсету бөлімімен және кітапхана мұражайымен, сонымен қатар орталық моделді балалар  кітапханасымен кеңінен таныстырылды. Мысалы, рухани ордадағы тефло-магнитафон арқылы шығарма тыңдау, «Құдық» көрме инсталляциясы оларға ерекше қуаныш сыйлады. Осыдан соң ақын Сағынтай Бисенғалиев кіріспесөзбен ашқан «Елімнің жүрегі сен, Астана!» атты кітапханалық шара жиналғандардың бәрін тегіс баурап алды. Құрайлысайлық кітапханашы Мейірман Шәкеловтың, «Муза» шығармашыл оқырмандар отауының мүшесі Бекболат Қаленовтың, чапаевтық Назым Қайырғалиеваның Астана күніне арнаған жырлары, жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жанна Нұржанованың, Қазақ зағиптар қоғамы аудандық бөлімшесінің жетекшісі Жанар Жақсығұлованың құттықтауы, чапаевтық оқушы Ақтоты Ерболатованың оқыған өлеңі, сондай-ақ Нәзерке Науметтің (Мерген ауылы) орындаған «Көңілді күн» атты ән мен үнді биі үшін қошеметпен қол соғылды. «Арман қала – Астана!» атты әдеби монтаж, Елордамыздың шежіресіне арналған викторина ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале