28.05.2015, 21:32
Оқылды: 26

Ақжайықта салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі ұлғаюда

Akljayik ssalik tysimiАқжайық ауданында жылдың 4 айы қорытындысымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық 31,7 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы мерзіммен салыстырғанда 200 пайызға артық.

Шаруа қожалықтары мүшелерінің санын нақтылау жөнінде іс барынша қарқынды жүргізілуде. Жер қатынастары жөнінде де еліміздің барлық жеріндегідей, сауатты қадамдар жасалуда. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты биылдан бастап, жер учаскесінің көлемі 3,5 мың гектардан асатын шаруа қожалықтары үшін салық көбейтілгені белгілі. Ауданда сондай аумақтағы жері бар шаруа қожалықтары дәл бүгінде 40-тан асады. Олар үшін қазынаға төлем балл бонитеті бойынша жүзеге асырылады. Айталық, бұрын жылына 90 мың теңге төлейтін шаруа енді жарты млн. теңгесін ел қоржынына түсіреді.

Сонда-ақ, ауданда биылдан бастап арақ-шарап сататындардан жылына кем дегенде 5 млн. теңге бюджетке құйылады. Осыған дейін бұл әрі кеткенде 1 млн. теңгеден аспайтын.

Ауданда шағын кәсіпкерлік саласында 2015 жылдың 1 мамырына 1592 субъекті тіркелген, соның ішінде 31 заңды тұлға, 844 жеке кәсіпкер, 717 шаруа қожалығы. Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жалпы сомасы 1 млрд. 178,1 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді және қызмет көрсетілді. Былтырғы жылдың 4 айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 пайызға жоғары.

Тек соңғы үш жылда ауданда 33 дүкен, 11 тойхана, 5 наубайхана, 19 шағын цех пен 15 қызмет көрсету орны ашылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале