8.12.2015, 12:55
Оқылды: 42

Ақжайықтық шаруалар мал басын көбейту үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан несиелердің шарапатын көруде

Akjayik bagdarlamanin sharapatiМал басын көбейтіп, олардың сапалық құрамын жақсарту үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан мақсатты несиелердің әрине, көмегі өте зор. Бұған мысалды Ақжайық ауданынан да молынан табуға болады.

Ауданда тиісті бағдарламалар бойынша жұмыс жылдан-жылға қанаттануда. Тек осы жылы мүйізді ірі қараны сатып алуға бағытталған «Сыбаға» арқылы 11 айда 10 шаруа қожалығы 119 млн. 100 мың теңге несие алып, 28 бас асыл тұқымды бұқа және 605 бас аналық сатып алса, тағы бір шаруа қожалығының 10 млн. теңгеге сұранысы қаралу үстінде.


 

Жалпы, 2011 – 2015 жылдар аралығында «Сыбаға» несие бағдарламасы арқылы ауданның 56 шаруа қожалығы 564 млн. 610 мың теңге несие алып, оған 3013 бас мүйізді ірі қара сатып алды. Түлікті асылдандыру жөнінде істің өрістеуінде тәжірибесі бай мал өсірушілердің еңбегін кеңінен насихаттаудың, ауылдарда «Шаруа күндерін» ұйымдастырудың орны зор. Маңдайалды еңбеккерлердің малды күтіп-бағудағы қам-қарекетіне қатысты ауыл шаруашылығы мамандары көптеген ауылда дәрістер өткізіп тұрады. Еңбекте өнегелі жұмысшы-қызметкерлерін шаруа қожалықтарының жетекшілері ынталандырып, мерекелер кезінде малдай сыйлықпен көтермелеуінің де маңызы ерекше.

2014 жылы беріле бастаған «Құлан» бағдарламасы бойынша өткен 11 айда ауданның 9 шаруа қожалығы 146 млн. 700 мың теңге несиеге 44 бас айғыр және 464 бас бие сатып алса, тағы бір шаруа қожалығының 7 млн. теңгеге сұранысы мақұлданып, келісімшарт рәсімделуде. Бұл бағдарлама бойынша да көзделген меже (282 бас аналық сатып алу) артығымен, 165%-ға орындалды. Сондай-ақ, «Алтын асық» бағдарламасымен жылдың өткен кезеңінде 9 шаруа қожалығы 92 млн. 500 мың теңге несие алып, оған 137 бас асыл тұқымды қошқар және 3375 бас аналық (жоспар – 2338 бас) сатып алды. Етті мал шаруашылығын дамыту жобалары бойынша 5 шаруа қожалығы 248 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алды. Бұл да жоспарланғаннан едәуір көп.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале