31.07.2015, 12:59
Оқылды: 18

Лагерь қызығымен қуантуда

U

U

Жадырап жаз келгенде, алғашқы болып қуанатын балалар. Кезекті оқу жылын аяқтап, демалысқа асыққан оқушылар, тезірек лагерге баруды күтеді. Осы мақсатта  ауданның білім беру бөлімі балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуі үшін барлық жағдайды жасауда. 

Аудан бойынша жалпы 1-10 сыныптар арасында 6865 оқушы бар. Аудандағы 46 мектептің  жазғы лагерінде тамақтану ұйымдастырылған. Мектепшілік лагерде 1443 оқушы оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тегін тамақтанса, қалғандары ата-аналарының есебінен демалады деп жоспарланған. Жалпы және негізгі мектептерде 4444 оқушы тамақтанусыз жазғы демалыспен қамтылған. Мектепшілік лагерлерді ұйымдастыруға бюджеттен 3 млн 822 теңге көлемінде қаражат бөлінген.

«Самал» лагері екі ауысымда жұмысын атқарып, 128 бала, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы және жетім балалар демалысын өткізген. Ал, 15 маусымнан бастап Балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанынан «Достық», 22 маусымнан Январцев ауылындағы «Жас Ұлан» аудандық стационарлық-сауықтыру лагерлері жұмыстануда. «Достық» лагерінде озат және екпінді оқушылардан 7 ауысымда 280 оқушы, «Жас Ұланда» үздік және белсенді балалардан 8 ауысымда 400 оқушы 15 тамызға дейін демалады деп күтілуде.

Жаз бойы «Дарын» қосымша білім беру орталығына демалуға олимпиада және басқа да конкурстардың жеңімпаздарынан 40 оқушы барса, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жас фотограф, операторлар, жас тілші және өнерлі оқушылардан 14 оқушы, аз қамтылған және жетім балалардан 2 оқушы Италияда демалыстарын ойдағыдай өткізген. Ал тамыз айының басында 50 бала Астанаға экскурсияға жіберілмекші,  жолдамаға бөлінген қаржы 2 млн 700 теңгені құрап отыр.

www.zhaikpress.kz

Зеленов ауданы

Динара БЕРІШ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале