8.12.2015, 12:47
Оқылды: 39

Ақжайық ауданындағы «Үздік шағын орталық тәрбиеші-2015» байқауы

Akajyik yzdik tarbieshiler baikaui   Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні әлбетте, мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Сондықтан осы буынның орны айрықша. Бұл Ақжайық ауданында өткен «Үздік шағын орталық тәрбиеші-2015» байқауында ерекше жарқырап көрінді.


 

Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымының әдіскері Ақмарал Қадешованың ұйымдастыруымен өткен байқауда шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау, оларды қолдау, шағын орталық тәрбиешісі маманының мәртебесін көтеру, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау мақсаты орындалды. Әр мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешілері өздерінің ізденістерін, тәжірибелерін ортаға салып, белсенділік танытты.

Тәрбиешілер арасында Алғабас ауылдық округіндегі Жаңажол негізгі мектебі жанындағы «Балдаурен» шағын орталығының тәрбиешісі Саягүл Кенжекова бас жүлдені иеленді. Саягүл жас болса да әр ата-анамен қарым-қатыстағы жүйелі жоспардың жүзеге асуын, ауыл-елдегі тәжірибелі мұғалімдерден оқып-үйренуін жан-жақты ашып берді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале