23.05.2016, 12:35
Оқылды: 38

Ақжайық ауданындағы үшінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Akjayik bos orin jarmenkesi   Жыл басынан бері Ақжайық ауданында бос жұмыс орындарына 3 жәрмеңке ұйымдастырылды. Соның үшіншісі жуырда Алмалы ауылында өтті. Жұмыс беруші – 10 шаруа қожалығына 35 адам жолығып, көптеген сұрақтарына жауап алды, маусымдық жұмысқа 8 адам алынды.


   Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, маусымдық жұмысқа баратындар алдағы кезде көбейе түспек, өйткені Алмалыда бақша өсірушілер аз емес. Ал осыған дейінгі аталған 2 шара қорытындысымен Чапаев пен Тайпақта 24 адам «екі қолға бір күрек» тапқан еді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале