15.10.2015, 18:30
Оқылды: 35

Ақжайық ауданында «Баталы ел арымас» байқауы өтті

карттар байкауы (1)Ақжайық ауданында жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, сөз мәдениеті құндылығының сақталуына ықпалы бар қариялардың арасында «Баталы ел арымас» атты байқау ұйымдастырылды.

Байқауға 12 ауылдық округтен келіп қатынасқан қариялар бата беруден сайысқа түсті, қолөнер бұйымдарын жасаудағы ерекшеліктерді түсіндіріп, бұл реттегі өнерлерін көрсетті, қолдарына музыка аспаптарын алып, ән әуелетті.

карттар байкауыӘрине, батаның түрі көп. Ұзақ сапарға аттанушыларға, отау тігіп жатқандарға, қайсыбір қуанышын тойлаушыларға айтылатын тілек сөздің мазмұны, ішкі иірімі алуан-алуан болып келеді. Байқау барысында ойға түйіп келген бата сөздерінен жаңылысқандар, тосылғандар кездесті. Бірақ бұл үлкендеріміздің құлшынысына көлеңке түсіре алған жоқ.

Қазылар алқасының шешімімен, «Батагөй қария» атағын Ақжол ауылдық округінен келген Қадырғали Өтегенов (суретте) жеңіп алды, будариндік Манарбек Сапаров «Ақылгөй қария», базартөбелік Қадырбек Қарағұл «Алтын қолды ақсақал», Қабыл ауылынан (Ақжол ауылдық округі) Жүсіп Өтеуов «Өнерлі қария», Алғабас ауылынан Тілек Нұрсұлтанов «Шежіре қария», чапаевтық Лұқпан Алипов «Ұлағатты қария», Жаңажол ауылынан (Алғабас ауылдық окргі) Захар Салықов «Көрермен көзайымы», Мерген ауылынан Орынғали Аймұқашев «Күйші қария», Сарытоғай ауылынан Ғалым Баетов «Ақынжанды ақсақал», Жайық ауылынан Амангелді Күнбатыров «Шебер қария», Атамекеннен (Алмалы ауылдық округі) Құралбек Дәулетов «Әнші қария», ақсуаттық Хамидолла Ғұбашев «Көпшіл қария» аталымдарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген

Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале