17.12.2015, 18:27
Оқылды: 26

Ақжайық ауданында «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» бағыты бойынша 868,6 млн. теңге несие берілді

  akjayik oralga jygirmesin dep «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» атты бағыты 2012 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқаны көзі қарақты жандарға мәлім. Бүгінгі күнге дейін сол бойынша Ақжайық ауданының 435 тұрғынына 868,6 млн. теңге көлемінде төмен пайызбен несие берілді.

Алайда, бүгінгі таңда, шешімін таппай жүрген мәселе – несиенің қайтарымы. 2012 жылы 82 несие серіктестігі құрылып, 270 адамға 511 млн. теңге кепілсіз несие берілген болатын. «Орал» әлеуметік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның мәліметі бойынша, осы уақытқа дейінгі барлық қайтарылуға тиісті қаражат 251,9 млн. теңге болса, 4 желтоқсанға дейінгі мәліметте өсімақысымен бірге 55 несие серіктестігінің бережағы 91,5 млн. теңгені құрап отыр. Аталған корпорация сондықтан өткен жылдың аяғында аудан бойынша 19 несие серіктестігін сотқа берген болатын. Бүгінде олармен сот орындаушылары жұмыстануда.


Тағы 15 несие серіктестігі осы жылдың қазан айынан бастап сотқа берілді. Бағдарламаға қатысушыларға қабілетіне қарай бағыт беру, көмектесу аудандық жұмыспен қамту орталығының міндеттерінің бірі. Бережағы көптердің оны қайтара алмау себебін анықтау, кедергілер болған жағдайда, оны шешу жолдарын ұсыну мақсатында аудан әкімі Ә.Т.Жоламанов кәсіпкерлермен қабылдаулар өткізіп келеді.

Аудан елдімекендерінің көбінің шалғайда орналасқан. Осыны ескеріп, несие алушыларды облыс орталығына жүгіртпей, жол ұзақтығын қысқарту мақсатында «Орал» АҚ-ның заңгерлерімен қоса БҚО мамандандырылған экономикалық сотының мамандары шақыртылды. Жуырда судья Н.К.Сейдахметова, хатшы Л.В.Чикибаева, «Орал» АҚ-ның заңгері Д.Н.Землянушнов аудан орталығына келіп, 11 сот ісін өткізді. Олар нақты жағдайға үңіліп, заңнаманы егжей-тегжейлі ұғындырды, көптеген сұраққа жауап берді. Демек, қарызды қайтаруда қарымды қозғалыс болары анық.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале