8.12.2015, 12:36
Оқылды: 17

Ақжайық ауданында «Орман» жедел алдын алу рейдін жүргізді

Akjayik orman sharuashiligi   Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі «Орман» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп, рейд-шолу жүргізді.


 

Бұл әдеттегідей, заңсыз аң аулауға, ормандағы ағаштарды кесуге, судағы жануарларды аулауға қарсы бағытталды. Аталған мемлекеттік мекеме директорының орынбасары А.Әлсейтов бастаған мамандар, Тайпақ, Алмалы, Антон, Степной, Қарауылтөбе орман бөлімшелерінің орманшылары, күзетшілері үздіксіз 10 күн бойы кешенді істерді орындады. Тұрғындармен жүздесулерде олар табиғатты қорғауға қатысты әңгімелер өткізіп, мысалы, заңсыз ағаш кесудің зардаптарын, аңшы мылтығының дұрыс сақталуын қаперге салды.

Рейд-шолу жұмыстары кезінде табиғат қорғау заңдылығын бұзған 5 факті анықталып, бұл құқық бұзушылықтарға хаттама толытырылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале