16.03.2016, 10:59
Оқылды: 26

Ақжайық ауданында сазды фольклорлық апталық өтуде

 Akjayik sazdi falklor  Ұлыстың ұлы күніне арналып Ақжайық аудандық кітапханасында «Қазағымның салт-дәстүрлері-ай» сазды фольклорлық апталық өтуде. Оған «Радуга» славян мәдени орталығының мүшелері, ақсақалдар мен әжелер, жастар, мектеп оқушылары керемет көңіл-хошта қатысуда. Кеше апталық меймандарына балалар шығармашылығы орталығы мен саз мектебінің оқушылары өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті. Кезекті бір сағат қазақ пен орыс халқының салт-дәстүрлеріне, мақал-мәтелдеріне, халық әндеріне арналды.


Кітапхананың мүмкіндігі шектеулілерге арналған «Нұр» отауында да осындай жандардың шақырылуымен мазмұнды шаралар ұйымдастырылуда. Мұнда мәдениет саласының ардагерлері ежелгі де ескірмейтін ән-саз орындауымен көпшілікті тәнті етті.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

 Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале