18.02.2016, 18:30
Оқылды: 23

Ақжайық ауданында Қоғамдық кеңес құрылды

Akjayik kogamdik kenes   Бүгін Ақжайық аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясы өтіп, онда қаралған күн тәртібіндегі мәселенің бірі ауданның Қоғамдық кеңес құрамын құру туралы болды. Бұл жайында аудандық мәслихат хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев хабарлама жасады.

         Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Үкіметтің «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысын басшылыққа алып, мәслихат Ақжайық ауданының Қоғамдық кеңес құрамын құруға шешім қабылдады:


         Кеңес құрамы – 27 адам, яғни, еңбектері ауданға мәлім қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер палатасы, ардагерлер кеңестерінің өкілдерінен тұрады.

         Осы күні кеңестің отырысы өтіп, оның төрағалығына Ақжайық агротехколледжінің директоры Бақытжан Қоспаев сайланды.

         Осында аудан әкімінің 2015 жылғы атқарылған жұмысы жөнінде қорытынды есебі бойынша аудан әкімі Әділ Жоламанов баяндама жасады. Ол мемлекеттік органдардың жұмысын бағалауда, тұрғындар арасындағы бірлік ахуалын ажарландыруда Қоғамдық кеңес жұмысына зор табыстар тіледі.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале