31.03.2016, 12:52
Оқылды: 31

Ақжайық ауданында 14 ауылдық округте медиация кабинеті ашылды

Akayjik mediacia ashildi      Ақжайық ауданында 18 ауылдық округ болса, соның 14-інде бүгінге дейін медиация кабинеттері ашылды. Айталық, аудандық №2 сот қамтитын аумақтағы барлық 7 ауылдық округте бұлар іске қосылды. Алмалы ауылдық округінде осындай кабинеттің ашылу салтанатында сот төрайымы Тамара Ғұмарова тұрғындарға медиация заңына байланысты егжей-тегжейлі түсініктер берді, ол және соттың басқа мамандары сұрақтарға жауап берді.


      Өмірді ізгілендіруде медиацияның маңызы жайында айтылды. Жиналғандарға кәсіби емес медиаторлыққа облыс орталығында ақысыз оқып алуға болатыны туралы да сөз болды. Алмалыда кәсіби емес медиаторлар қатарын көбейту жөнінде ұсыныс берілді.

     Сот мамандарының айтуынша, ауданда кәсіби емес медиаторлар арасында барған сайын тегеурінді тәжірибе жинағандар көбеюде.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале