3.06.2015, 11:48
Оқылды: 38

Ақжайық ауданында 251 түлек ҰБТ тапсыруда

Akjayik YBT  Бүгін Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы ҰБТ тапсыру пунктінде 251 түлек үшін (орта мектептерді барлық бітіруші – 356) сынақ өтуде. Тестілеуге түлектері түгел қатысып жатқан білім ұялары: М.Әуезов атындағы (24), Тайпақ мектеп-гимназиясы (15), Абай атындағы мектеп-гимназия (21), Бітік орта мектебі (12) болып табылады. Ұл-қыздар ҰБТ-ға кірер алдында оларды аудан әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, сынақты сәтті тапсыруларына, өмірде игі мақсаттары орындалуына тілегін арнады.

Түлектердің арасынан 9-ы алтын белгіге, 5-і үздік аттестатқа үміткер болып табылады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале