24.07.2015, 16:35
Оқылды: 26

Ақжайық ауданында 3 ауылдық округтің әкімі – әйел адам

Akjayik audani akim ayel adam   Бүгін Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округінің әкімін сайлау өтті. Оған екі үміткер түсті. Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы 12 таңдаушының (аудандық мәслихат депутаттарының) 100 пайыз дауысын алған Гаухар Кузбакованың Ақжол әкімі болғанын тіркеді.

Г.Кузбакова 1972 жылы ауданның Мерген ауылында дүниеге келген, еңбек жолын осындағы орта мектепте тәрбиеші болып басатаған. Осыған дейін Ақжол ауылдық округінің орталығы – Ілбішіндегі «Еркемай» мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі болып жасады. Ауданда 18 ауылдық округ әкімдерінің арасында әйелдер саны Г.Кузбакованы қосқанда, үшеу болып табылады.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале