3.11.2015, 20:23
Оқылды: 42

Ақжайық ауданында 4314 адамға көмек көрсетілді

Akjayik kayirimdilik ailigi   Ақжайық ауданында қайырымдылық айлығында көптеген ауқымды істер атқарылды. Ай мәресіне орай айтулы кездесулер ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов облыс орталығында тұратын ақжайықтықтардың үлкен тобымен Оралда жүздесіп, олармен кең жайылған дастарқан басында әңгімелесті. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, еңбек ардагерлері ауданның экономикалық-әлеуметтік өрлеуіне тілектерін арнады.

Сондай-ақ аудан басшысы Чапаевтағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар Қаматай Сарбөпеев, Зинекеш Сақыбалиев және Александр Акутиннің үйлеріне арнайы барып, олардың хал-жағдайын біліп, естелік сыйлық тапсырды.

Қайырмыдылық айлығы барысында Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі әлеуметтік әлсіз отбсыларға отындық ағашпен көмегін қөрсетсе, «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақжайық аудандық филиалы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне баспасөзге жазылымды тегін, яғни филиал есебінен 58,0 теңгеге жүргізді.

Аудан бойынша тұтас алғанда 4314 адамға 10882,3 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Соның ішінде 8 Ұлы Отан соғысы ардагеріне 201.2 теңге, 2855 зейнеткерге 5339,1 теңге, 731 мүгедекге-2596,0 теңге, 720-аз қамтылған отбасына-2746,0 теңге.

www.zhaikpress.kz

Айсүмгүл МАҚАТОВА

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале