16.03.2016, 10:55
Оқылды: 19

Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылы 52 жеке және заңды тұлғаға 626312 теңге айыппұл салынды

Akjayik salik saldi   Ақжайық ауданының Әділет басқармасымен «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» жаңа Кодексінің 460-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзғаны үшін 2015 жылы 52 жеке және заңды тұлғаға 626312 теңге айыппұл салынған-ды. Ал 2016 жылы қаңтар, ақпан ай ішінде ғана 31 жеке және заңды тұлғаға 222707 теңге айыппұл салынды.


Демек, мұндай әкімшілік шараға тап болғандар азаймақ түгілі, көбейе бермек пе?

– Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, азаматтар құқық туындауы үшін негіз болған заңдық факт басталған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен ХҚКО арқылы жүгінуге тиіс,-дейді Ақжайық ауданының Әділет басқармасының бас маманы Бағдагүл Еркінғалиева. – Өкінішке қарай, «білмей қалдық, заңнан хабарсызбыз» деген қынжылысты жиі естіп жүрміз. Дәуір талабына сай, тұрғындар неге заңнамаға құлақ түріп жүрмейді. БАҚ-та талай айтылып жүр емес пе? 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» жаңа Кодексінің 460-бабына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда белгіленген мерзімін бұзуы – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар нақтыланған айыппұл көлемін азайту мүмкіндіктері де осы Кодекстегі 811-баптың 1-тармағында қарастырылған. Айыппұл сомасының елу пайыз мөлшері егер жеті тәулік ішінде төленсе, бұл айыппұлдан құтылды деген сөз.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале