10.11.2015, 14:15
Оқылды: 10

Ақжайық ауданы ірі қараны тұқымдық түрлендіру жөнінде республикада алдыңғы қатардың бірінде

Akjayik tykimdi mal  Ауылда шаруа қожалықтарынан басқа жеке тұрғындардың қолында да ірі қара малы әрине, аз емес. Ауыл шаруашылығын дамыту, тауарлы ірі қара малын асылдандыру, т.б. тірлік дәл бүгін ең көкейкесті болып табылады. Осы түйінді шешудің бірден-бір жолы аталған заңға сәйкес, селолық тұтыну кооперативін (СТК) құру керек. Бұл заңды тұлға ретінде әділет департаментіне тіркеледі. Кәдімгі шаруа қожалығынан айырмашылығы жоқ десе де болады. Қазір аудан бойынша 12 ауылдық округте 14 СТК құрылды.

Бұған дейін шаруа қожалықтарына беріліп келген көмек демеуқаржыны енді осы кооперативтер арқылы басқа ірі қара мал ұстайтындардың алуына да мүмкіндік бар. Малдың сапасын көтеріп, тұқымдық түрлендіруде СТК әкеліп отырған мүмкіндікті барлық жерде де қапы жібермеу қажет-ақ деп есептейтіндер көбеюде. Сөйтіп, табындардағы ата тегі белгісіз, өнімі өнжеусіз түліктерді «тарихқа» жіберу керек. Демеуқаржыны да ұтымды пайдаланып, қора салу, техника алуға ықтиятты жұмсау жағы да назарда ұсталып отыр.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале