15.07.2015, 17:44
Оқылды: 33

Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округіне газ келді

Akjayik gaz keldi Ақжайық ауданының жеті ауылдық округі Жайықтың сол жағында орналасқан. Бұған дейін оның алтауының орталығына газ құбыры жеткізілсе, енді, міне, жетіншісі – Құрайлысай ауылдық округіне де осындай ақжарылқап күн келді. Көше бойларына жер астымен құбыр төсеуді белгілі мердігер «Алиев Сервис» ЖШС (директоры Ануар Марданов) жүзеге асыруда, ал баспаналарға көгілдір отын кіргізуді «Нұржан» ЖШС (директоры Әлжан Досмақов) орындауда. Құрайлысайдың орталығы – Жұбан ауылында газ тұтынуды алғашқылар қатарында Наурызбай Әбілқайыров, Талғат Жапашев, Болат Төресаевтың шаңырақтары бастады.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале