8.01.2016, 18:55
Оқылды: 26

Ақжайық ауданы әкімі «Ұланның» сарбазына қошемет көрсетті

Akjayik ylannin sarbazina   Астанада, ҚР Ұлттық Ұланы қатарында қызмет жасаған кезінде қауіпті қылмыскерлерді ұстағандардың бірі Қайырболат Закариевты Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов қабылдады.


Оқиға өткен қазан айы күндерінің бірінде болған-ды. Қайырболат пен оның жолдасы Виталий Шпакуров бос уақыттарынан соң бөлімге келе жатып, жолды қысқарту үшін бір тасалау жерлердегі автогараждар маңынан өткенде, екі  күмәнді адамды байқайды. Олардың шүбәләнуі дұрыс болып шықты. Әлгі екеуі 7 жасар қызға зәбір көрсетпекші болған. Біреуін ұландықтар тап сол жерде тырп еткізбей ұстайды, қашып құтылмақшы болған екіншісін көмекке жеткен полиция қызметкерлері тұзақтайды.

Осындай қырағылықтары үшін Қайырболат пен Виталий «Ұлттық Ұлан қызметінің үздіктері» белгісімен және басшылықтың Алғысымен көтермеленді. Ал қыздың ата-анасы бұл жігіттерді қонаққа шақырып, әрқайсына қол сағаттарын сыйлады.

Қ.Закариев Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округінің түлегі. Ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып Елордамызда өткен әскери шеруге қатысты.

Қызметін абыройлы өтеп, ауылға оралған сарбазға және осындай ұл тәрбиелеген анасы Қымбат Мұхамбетоваға Әділ Тауфиқұлы игі лебізін арнап, Қайырболаттың өз паразын адал орындағаны барша жастарға үлгі болатынын атап көрсетті. Ол Қ.Закариевке Алғыс хат және естелік сыйлық тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале