14.03.2016, 18:16
Оқылды: 23

«Ақжайық» жаңа ойыншыларын таныстырды

Akjayik futbol   «Атриум» мейрамханасында футболдан ҚР чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа ойыншыларын таныстырды.


«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаңа келгендердің үшеуі - сербиялық ойыншылар. Атап айтқанда, Белград мектебінің түлегі, 2010 жылдан Павлодардың «Ертісіне» ауысып, «Ақжайықтың» қазіргі бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қоластында ойнаған 31 жасар Предраг Говедарица жартылай қорғанысты нықтамақ. Ал 28 жасар қорғаушы Саша Колуния Сербияның «Земун» футбол клубынан келді. 32 жасар тағы бір қорғаушы Данило Николич те біраз жерде доп тепкен, соңғы клубы - «Вождовац» (Сербия). 26 жасар жартылай қорғаушы Фредди Коронел Қазақстан біріншілігінде ойнайтын Парагвай елінің тұңғыш өкілі болмақ. Қазақстандық қос шабуылшы, 33 жастағы Эдуард Сергиенко мен 28 жастағы Сергей Гридинді жанкүйерлер жақсы біледі.

«Ақжайық» футбол клубы» ЖШС директоры Бағдат Ағниязовтың айтуынша, негізінен жергілікті ойыншыларға арқа сүйеп келе жатқан оралдық команда премьер-лигада жерге қарап қалмау үшін барын салатын болады. «Ақжайықтың» биылғы бюджеті өткен жылғыдан өзгере қойған жоқ. 424 млн. теңге бірінші лигаға есептеліп салынған болатын. Бұл, әрине, премьер-лига үшін жеткіліксіз. Сондықтан жуырда қосымша қаржы қаралатын болады.

Akjayik futbol 02

Айта кетейік, «Ақжайық» жаңа маусымды 13 наурыз күні сырт алаңда «Тобыл» командасымен ашатын болады. Одан кейін 19 наурызда өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдайды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале