17.07.2015, 17:42
Оқылды: 23

Ақжайық жұрты айтта жүздесті

Oblis akimi 02  Қасиетті Рамазан айы да аяқталып, барша мұсылман қауымының ізгі ниетімен ұштасатын  айт мерекесі де келіп жетті. Отыз күн ораза ұстап, шілденің шіліңгір ыстығында ауыз бекіткендердің ырысы еселеніп, жалпы адамзат  баласының ынтымағы нығая түсеуіне сеп болатын, қазақ халқы үшін баба дәстүрі жаңғыра түсетін шуақты шақ бұл. Сол күні орталық мешітке ағылған қала тұрғындарының қарасы мол болды. Облысымыз бойынша өкіл имам Руслан Сұлтанов ізгілік жасау, Ислам дініндегі құлшылықтың маңызы,  сүннет  амалдар туралы уағыз  айтты.

– Барша мұсылман үшін қасиетті ораза айт құтты болсын, – деді ізгі тілегін бөлісе келген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының сиезінде Елбасымыз татулыққа сүттей ұйыған, дүрдараздық, алауыздыққа жол бермейтін қоғам құрып жатқанымызды айтқан болатын. Лайым да рухани келісім, саяси тұрақтылық, ынтымақ аясында уық бекіте отырып, шарапатқа, нығметке бөленейік. Алла разылығы үшін қылған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай!

Кейін мешіттегі жамағат айт намазын оқыды. Ақсақалдар бата берді. Айт намазынан соң жерлестеріміз жылы шырайлы жүзбен тарқасып, ізгі ілтипат, жүрек жылуын ағайындармен бөлісуге асыға басып бара жатты.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале