2.11.2015, 12:07
Оқылды: 14

«Ақжайық» премьер-лигада

Taskala akjayik premier liga   Қарашаның бірінші күні «Ақжайық» футбол клубының стадионында Қазақстанның бірінші лигасында ойнап жүрген жергілікті команда маусымның соңғы шешуші ойынын өткізді.

Олар теміртаулық «Болат-АМТ» командасын қабылдап, 3-0 есебімен басым түсті. Осы жеңістің нәтижесінде «Ақжайық» футбол клубы келесі маусымнан бастап Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын болады. Бұл ойынға Тасқаладан бір топ жанкүйерлер арнайы барып, тамашалап қайтқан болатын. Осы ойынға жанкүйерлердің барып-қайтуы Тасқала ауылдық округ әкімі С.Өтемісованың бастамасымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы М.Нәріковтің қолдауымен, кәсіпкер С.Ишанғалиев пен С.Кемешевтің демеушілік жасауымен жүзеге асты.

Ендеше, «Ақжайық» командасына алдағы жоғары лига ойындарында тек қана жеңіс пен сәтті ойын өрнегін көрсетуіне тілектеспіз!

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале