14.04.2016, 11:12
Оқылды: 18

«Ақжайық» сырт алаңда «Таразды» тізе бүктірді

Akjayik Taraz     Футболдан премьер-лига командалары арасында ел біріншілігінің бесінші турында Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Таразбен» шеберлік байқасты.

       Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, өткен турда өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 0:2 есебімен ұтылған «Ақжайық» командасының бас бапкері Талғат Байсуфинов бұл жолы аз-кем өзгеріс жасады. Айталық, қақпаға Нұрболат Қалменов тұрса, жартылай қорғаушы Антон Шурыгин алаңға шықты. Биыл Павлодардың «Ертісінен» ауысып келген шабуылшы Қуаныш Бегалин де бірден ойынға қосылды.


     Кездесу барысында алаң иелері басымдық көрсеткенімен, қонақтар да қарап қалмады. Матч аяқталуға он минуттай уақыт қалғанда, Қуаныш Бегалин мергендік көрсетіп, биылғы маусымдағы алғашқы добын соқты. Бұдан кейін тараздық Әлішер Сүлей Н.Қалменовпен жекедара қалған сәтті пайдалана алмады.

     Сөйтіп «Ақжайық» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осы турдан кейін 6 ұпаймен турнир кестесінің ортасына орныққан оралдықтар келесі ойынын 17 сәуір күні Атырауда жергілікті командамен өткізеді.

     Айта кетейік, «Тараздың» құрамында кезінде «Ақжайық» командасының намысын қорғаған Игорь Зенькович пен Илья Воротников ойнады.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале