1.07.2015, 12:38
Оқылды: 108

Ақжайық өңіріне есімі етене таныс қоғам қайраткері, журналист Бисен Жұмағалиев 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Bisen Jymagaliev02    Ақжайық өңіріне есімі етене таныс қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, баспасөз саласының майталманы, журналист Бисен Жұмағалиев ағамыз 30 маусым күні 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Бисен Жұмағалиев 1940 жылы педагогикалық училищені, 1951 жылы Орал медициналық институтын. 1960 жылы СОКП ОК жанындағы  Жоғарғы партия мектебін, 1964 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген. Ауыл мектебінде мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған ол, 1942 жылы қаңтардамайданға аттанып, 13-дивизия құрамында соғысып, Ленинградты азат етуге қатысады.

Майданнан оралған соң 1945 - 1955 жылдары БҚО«Екпінді құрылыс» газетінің редакторы, Фурманов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (1955 - 1958) болды. 1960 – 85 жылдарыОрал және Көкшетау облыстық партия комитеттерінің хатшысы.

1985 жылы зейнет демалысына шыққан соң Көкшетау қаласындағы Куйбышев атындағы мемориалдық музейдің директоры. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерліктері, Ленинград қорғаушылары туралы «Степные зари Приуралья», «Обновленная степь», «10 лет с М.Шолоховым» атты кітаптар жазған.

"Жайық Пресс" ЖШС мекемесінің жанынан ардагерлер кеңесін құруға мұрындық болған. Қос газеттің 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткеніне өте риза болып, шараларға белсене ат салысқан. Өмірінің ақырына дейін облыстық газеттерге мақалаларын беріп, тығыз қарым-қатынаста болды. Әрдайым бізге шынайы жанашыр, қамқор ақылшымыз ретінде бейнесі мәңгі есте сақталады-дейді, аталған мекеменің бас дирекоры Жантас Набиоллаұлы.

Бисен Жұмағалиев ағамызбен қоштасу рәсімі 3 шілде күні сағат 10:00-де қаламыздағы А. Н. Островкий атындағы орыс драма театрында өтеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале