20.04.2016, 17:35
Оқылды: 38

Ақжайық өңірінің құрметті азаматы Гүлжан Төлегенқызымен кездесу кеші өтті

ZH-350x35011     Бүгін Қадыр Мырза Əлі атындағы облыстық мəдениет жəне өнер орталығында "Парасатты жанға лайық мамандық иесі" атты "Үздік кітапханашы" белгісінің иегері, Ақжайық өңірінің құрметті азаматы Гүлжан Төлегенқызымен кездесу кеші өтті.


     Рухани кеш саналы өмірін кітапхана саласына арнаған құрметті мамандық иесінің еңбектерін кеңінен насихаттауға,  жас буынды кітап оқуға жетелеуге, оны үлгі етуге арналды. Басқосуда ең алдымен кеш иесінің өмір жолы мен шығармашылық жолы таныстырылды.

     Кеште тарихшы өлкетанушы Жайсаң Ақбай, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Сара Көшəліқызы, облыстық қазақ драма театры директорының орынбасары Ербол Ақбасов, бұрынғы жəне қазіргі əріптестері Бекқайыр Мағаз, Мақсот Өмірғалиев, академик, профессор Ақсерік Əйтімовтер Гүлжан Жұмақаева туралы естеліктерімен бөлісті.

     Кеш иесі оқырмандармен сұрақ-жауап бөлімінде, өзінің 1972 жылдан бастап қызмет жолының барлығы кітапханада өткенін, таңдаған мамандығына еш өкінбейтіндігін жəне қазіргі кітапхана ісінде оқырман тарту ең өзекті мəселе болып отырғанын айтып өтті. Рухани кеште  жергілікті өнерпаздардың орындауында əндер шырқалды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале